blog Images

«Намаз оқып үйренейік» жобасы басталды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Намаз оқып үйренейік» жобасы бастау алды.

Жобаның алғашқы дәрісін Маңғыстау аймағының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы және облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Серіжан Байболұлы өткізді.

Бір аптаға созылатын дәрістер қасиетті Рамазан айында дініміздің тірегіне айналған намазды бастауға ниетті азаматтар арналған. Алдағы күндері бесін намазынан кейін имамдар көпшілікке еліміз үшін дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабы бойынша намаз оқудың үлгісін көрсетіп, намаз төңірегіндегі сұрақтарға жауап береді деп күтілуде.