blog Images

Наиб мүфти жазасын өтеушілерге насихат айтты

ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзету мекемесіне барып, жазасын өтеуші азаматтармен кездесті.

Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында ұстаз Сансызбай қажы Құрбанұлы «Рамазан – тәрбие айы» тақырыбында насихат айтып, тұщымды ойларымен бөлісті. 

Бұдан бөлек «MUFTIYAT» баспасынан жарыққа шыққан «Пайғамбарымызды ﷺ танисыз ба?» кітабының 20 данасы жазасын өтеуші азаматтарға және мекеме қызметкерлеріне сыйға берілді.