НАИБ МҮФТИ ӨҢІРЛІК ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР ӨТТІ
ҚМДБ төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бағдарлық баяндамасы аясында имамдардың білімі мен біліктілігін арттыру жоспарына сәйкес, наиб мүфти Ермек қажы Қасболатұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.
Сапар аясында наиб мүфти өңір имамдарымен және дін қызметкерлерімен кездесіп, рухани бағыттағы маңызды мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар облысқа қарасты қала, аудан,ауыл мешіттерінің имамдары мен ұстаздарына арналған «Ихсан ілімінің негізі» тақырыбында арнайы семинар өткізді.
Семинар барысында исламдағы ихсан ұғымының мәні, рухани кемелдену, көркем мінез, шынайылық пен жауапкершілік мәселелері кеңінен сөз болды.
Кездесу соңында қатысушылар көкейдегі сауалдарын қойып, өзара тәжірибе алмасты.