

Наиб мүфти облыстық мешітте жұма уағызын айтты
ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде жұма уағызын айтты.
«Өзгені қуанту – сауапты іс» тақырыбында жұма насихатын айтқан Сансызбай қажы Құрбанұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа айналамыздағы адамдардың жүрегіне қуаныш сыйлау, оларды қуандыру – Алла ұнататын ең сүйікті іс екенін еске салып, біле-білгенге адам көңілі қасиетті Қағбадан да жоғары тұратындығын айтып өтті.