Наиб мүфти облыстық мешітте насихат айтты
ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жамағатымен жүздесті.
«Рамазан – тақуалық айы» тақырыбында уағыз-насихат айтқан Сансызбай қажы Құрбанұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа оразаның түпкілікті мақсаты пенденің бойында Алла Тағаладан қорқу, тақуалық қасиетін қалыптастыру болып табылатынын еске салды. Сансызбай ұстаздың уағызын жалпы алғанда 2000 жуық адам тыңдады.
Сондай-ақ, тарауық намазынан кейін наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы көпшілікпен бірге еліміздің амандығы мен ауызбіршілігі үшін дұға жасады.