blog Images

Наиб мүфти облыстық «Бекет ата» мешітінде жұма уағызын жүргізді

ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Тағдырға разылық таныту» тақырыбында жұма насихатын айтқан Ершат Ағыбайұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа тағдыр ұғымының мән-мағынасын түсіндіріп, мұсылман баласының міндеті тағдырына разы болып, Алла Тағаладан жақсылық күту және дұға ету екендігін еске салды.