Наиб мүфти Ақтау қалалық мешітінің құрылысымен танысты
ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің және «Жәния ана» медресесінің құрылысымен танысты.
«Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағалаға елді мекеннің ең көрікті жерлері – мешіттер», деп айтқан. Мешіт – мұсылманның Жаратушысына құлшылық жасап, тәубеге келер, ақын Абай айтқандай «қияметшіл дүниенің» кірінен тазарып, бар арман, үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын орны. Ақтау мешітінің құрылысы уақытында әрі сапалы аяқталып, жамағаттың игілігіне қызмет етеді деп сенемін», деді наиб мүфти.
Бұдан бөлек, Ершат Ағыбайұлы «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» деген пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисін еске салып, игілікті іске қолдау білдіріп жатқан барша азаматтарға зор ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.