

Наиб имам «Ар-Рахман» мешітінде жұма уағызын жүргізді
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде жұма уағызын айтты.
«Қажылық – бес парыздың бірі» тақырыбында жұма уағызын айтқан Байкенже Серікбайұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа қажылық ғибадаты туралы ақпарат беріп, оның мұсылман баласы үшін маңыздылығын еске салды.