Наиб имам әскери бөлімде түсіндірме жұмыстарына қатысты
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы әскери ортада ойынқұмарлық пен өз -өзіне қол жұмсау деректерінің көбеюіне байланысты 6656 әскери бөлімінің әскери борышын өтеуші азаматтарға «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында сондай -ақ ,жат ағымныңзардабы мен алдын алу бағытында рухани дәріс өткізді.
Наиб имам «Ислам – адамзат баласын бірлікке, бейбітшілікке, татулыққа шақыратын дін. Себебі, бірлік бар жерде – береке, бейбітшілік бар жерде – тыныштық бар,» – деді өз сөзінде. Жиын барысында жастарымыздың жат ағымның жетегінде кетуінің себебі, діни экстремисттердің түпкі мақсаттарының не екендігін, оның алдын – алу жолдары талқыланды.Сондай -ақ,кездесу соңынан қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып,наиб имамы шариғат шеңберінде тұщымды жауап берді.