blog Images

Мұстафа (с.ғ.с)мешітінің ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді

Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа (с.ғ.с.)» мешітінің жамағаты «Таза Қазақстан»  экологиялық жобасына атсалысып, мешіт аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Игі іске мешіттің бас имамы  Айғабыл Дәуріханұлы мен жамағат белсенді түрде қатысып, мешіт айналасын ретке келтіріп, қоршаған ортаның тазалығына үлес қосты.

Акция барысында мешіт ауласы мен айналасы тазартылды.Мұндай шаралар қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, жастарды табиғатты қорғауға және тазалыққа тәрбиелеуге бағытталған.