blog Images

Мұстафа (с.ғ.с)мешітінде жөндеу жұмыстары жүргізілді

Қасиетті Рамазан айына дайындық мақсатында Қызылтөбе ауылдық  «Мұстафа» мешітінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар құрылыс және абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Атап айтқанда, мешіт асханасының есіктері жаңартылып, қазан-ошақ асатын орынның жанына арнайы қалқа орнатылды.

Сонымен қатар, мешіт әжетханасының алдына аяқтың ластанбауы және тазалықтың сақталуы үшін брусчатка төселді. Жүргізілген жұмыстар мешіт аумағының көркеюіне және келушілерге қолайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосты.