Мұстафа (с.ғ.с)мешітінде Пәтуа сағаты өтті
Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа (с.ғ.с)» мешітінде «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды.
Шараны мешіттің бас имамы Айғабыл Дәуірханұлы өткізді. Пәтуа сағаты барысында жамағат тарапынан ораза, намаз және күнделікті діни амалдарға қатысты түрлі сұрақтар қойылып, шариғатқа сай жауаптар берілді.
Бұл кездесудің мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттырып, туындаған сұрақтарға дұрыс түсіндірме беру.
