«Мұстафа» (с.ғ.с)мешітінде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді
Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа (с.ғ.с)» мешітінің ауласын көркейту және көгалдандыру бағытында игі шара өтті.
Аталған шара аясында мешіт қызметкерлері мен жамағаттың бірлесуімен 20-ға жуық ағаш көшеті отырғызылып, оның ішінде жеміс ағаштары да бар. Отырғызылған жас көшеттер алдағы уақытта тамырын тереңге жайып, айналаны жасыл желекке айналдырып, көпшілікке саялы орын болары сөзсіз.
