Мұстафа (с.ғ.с)мешітінде «Бас имам сағаты»өтті
Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа (с.ғ.с)» мешітінде жамағатқа арналған «Бас имам сағаты» өтті.
Кездесуді мешіттің бас имамы Айғабыл Дәуірханұлы жамағатқа қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті, мұсылманның көркем мінезі мен қоғамдағы бірлік пен татулықтың маңызы жайында насихат айтты. Сонымен қатар, жамағатты ізгі амалдарға ұмтылып, бір-біріне мейірімді болуға шақырды.
Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, көпшілікке пайдалы рухани әңгіме өрбіді.