blog Images

Мұстафа (с.ғ.с)мешітінде әйелдер арасында облыстық Құран жарысы өтті

Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа (с.ғ.с)» мешітінде әйелдер мен қыздар арасында облыстық Құран жарысы ұйымдастырылды.
Жарысқа әр ауданнан және мешіттерден қатысушылар келіп, өз білімдерін ортаға салды.

Сайыс барысында қатысушылар Құран Кәрімді жатқа оқудан және 30-шы параны мәнерлеп оқудан өз шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, әр қатысушының дауыстық мәнерін жетілдіру және сүрелерді дұрыс оқу дағдылары тексерілді.

Мешіттің бас имамы Айғабыл Дәуірханұлы жамағатқа сөз сөйлеп, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, қатысушыларға білімдеріне береке, табандылық пен қажырлы еңбек тіледі.

Сайыс соңында үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.