blog Images

Мұстафа (с.ғ.с) мешіті: «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тазалық шарасы өтті

ҚМДБ-ның «Qamqor-Sharapat» мекемесінің ұйымдастыруымен Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа (с.ғ.с)» мешітінің қызметкерлері мен жамағаты зират аумақтарына тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты игі шара аясында Баянды қауымындағы зираттар тазартылып, зират аумағы ретке келтірілді. Сонымен қатар, марқұмдардың рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.