Мұнайлы ауданында имамдарға «Ақида мәселелері»тақырыбында оқу семинары өтті
ҚМДБ «Діни оқу-ағарту» бағытына сәйкес Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық «Келімберді ахун» мешітінде имамдардың біліктілігін арттыруға арналған оқу семинары өтті.
Жиынға қала, аудан және ауыл имамдары, наиб имамдар мен ер ұстаздар қатысты.
Семинар барысында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Марат Жарылқапұлы «Ақида және сенім мәселелері» тақырыбында дәріс өткізіп, исламдағы сенім негіздері мен ақида мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.
Тағылымды жиынның негізгі мақсаты – имамдар мен ұстаздардың біліктілігін арттыру, діни білімдерін жетілдіру және тәжірибе алмасу.
Семинардың барысында ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, имамдар мен ұстаздардың діни білімін жетілдіру мен біліктілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар діни қызметкерлерді заман талабына сай ізденіп, білімін үздіксіз жетілдіруге шақырды.
