Мұнайлы ауданында дін қызметкерлерінің жиыны өтті
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Мұнайлы ауданына қарасты мешіт қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өтті.
Жиынға ауданға қарасты мешіттердің имамдары мен дін қызметкерлері қатысып, өзекті мәселелерді талқылады. Басқосуда облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жүктелген тапсырмаларға кеңінен тоқталып, «Ислас және адал қоғам»жылы бекітілген негізгі 4 бағыт бойынша атқарылып жатқан іс-шараларды саралады.
Сонымен қатар, мешіттерде ұйымдастырылатын діни іс-шаралардың уақытылы әрі сапалы өткізілуі, жамағатпен байланыс, насихат жұмыстарының тиімділігі және қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайту мәселелері кеңінен қозғалды.
Жиын барысында имамдардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспары нақтыланды. Сондай-ақ, діни қызметтің сапасын арттыру, тәртіп пен жауапкершілікті күшейту бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысында дін қызметкерлеріне жүктелген міндеттерді сапалы орындау, ел бірлігі мен рухани құндылықтарды насихаттау ісін жандандыру қажеттігі атап өтілді.
