blog Images

Мұнайлы ауданына қарасты дін қызметкерлерінің жиналысы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылына аясында Мұнайлы ауданына қарасты ауыл,аудан,Ақтау қалалық «Бекет ата» мешіті, «Ержан Хазірет»мешіті,»Сайын Шапағатов»мешіті,Ақшұқыр ауылдық мешіті имамдарымен кезекті жиналыс өтті.

Облыс бас имамының бастамасымен өткен жиында мешіт іргесіндегі медресе ғимаратының құрылысына қолдау көрсету, сондай-ақ НМУ оқып жатқан маңғыстаулық студенттерімен тығыз байланыс орнату, Мүфтият баспасынан жарық көрген кітаптармен мешіт кітапханасын толықтыру сөз болды. ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмалар, 5 бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, мешітте атқарылатын діни шаралардың уақытында орындалуы талқыланды.Имамдардың пікірі тыңдалып, арнайы тапсырмалар берілді.