blog Images

Мұхиддин Исаұлы облыстық «Бекет ата» мешітінің жамағатына насихат айтты

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Ихсан – жүрек ілімі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Ақшам мен құптан намаздарының арасында өткен кездесу барысында PhD доктор, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, белгілі исламтанушы Мұхиддин Исаұлы құлшылық үйіне жиналған көпшілікке ихсан ұғымының мән-мағынасын ашып, пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім екендігін түсіндіріп берді.