blog Images

«Мұханмедин Шихыұлы» мешітінің имамы спорт мектебінде болды

Жаңаөзен қалалық әкімдігі аумағындағы Қызылсай ауылында орналасқан «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінің имамы Бералы Жалғасбайұлы жергілікті №3 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мектеп ұжымы және жас спортшылармен өткен кездесу барысында Бералы Жалғасбайұлы дін ұғымы жайлы түсінік беріп, діни мәселелерді дұрыс түсінудің маңыздылығына тоқталды.