blog Images

«Мұханмедин Шихыұлы» мешіті: Маңғыстау ауданынан рухани сапар ұйымдастырылды

Жаңаөзен қалалық әкімдігі аумағындағы Қызылсай ауылында орналасқан «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінің жамағаты ҚМДБ бастамасымен жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» отандық рухани туризм жобасы аясында Маңғыстау ауданына жұмыс сапарымен барды.

Аталмыш сапар барысында мешіт имамы Бералы Жалғасбайұлы және құлшылық үйінің жамағаты «Ақмыш» демалыс орнына барып, Шерғала тауын тамашалап, Шетпе және Онды ауылдарындағы мешіттерді зиярат етті.