blog Images

«Мұханмедин Шихыұлы» мешіті: Белсенді азаматтарға алғыс хаттар табысталды

Қадір түнінің құрметіне орай Жаңаөзен маңындағы Қызылсай ауылында орналасқан «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінде ұйымдастырылған шара барысында бірқатар азаматтарға алғыс айтылды.

Мешіт имамы Бералы Жалғасбайұлы Рамазан айы бойы белсенділік танытып, құлшылық үйі тарапынан ұйымдастырылған игі істерге қосқан үлестері үшін 12 азаматқа ризашылығын білдіріп, оларға алғыс хаттармен және сыйлықтар табыс етті.