blog Images

«Мұханмедин Шихыұлы» мешіті: 5 жылда алғашқы Құран хатым дұғасы жасалды

Жаңаөзен маңындағы Қызылсай ауылында орналасқан «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінде Рамазан айы бойы тарауық намазы оқылып, соңғы 5 жылда алғаш рет Құран хатым дұғасы жасалды.

Қадір түнінде мешіт имамы Бералы Жалғасбайұлы Рамазан айы бойы тарауық намаздарында жамағатты әуезді Құран үнімен сусындатқан Әмірбек Мирұлы қариға алғыс хат және қаржылай сый-сияпат табыс етті.