blog Images

Мүмкіндігі шектеулі жандарға Құрбан айт дастарханы жайылды

Бүгін ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен көру,есту қабілеті нашар мүмкіндігі шектеулі жандарға Құрбан айт мерекелік дастарханы жайылды.

Келген қонақтарды облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Құрбан айт мерекесімен құттықтап,жылы лебізін білдірді.Құрбан айт мерекесінің мән-маңызын түсіндіріп, жамағатқа насихат айтты.

Сондай-ақ, жиынға жиналған мүмкіндігі шектеулі жандарға Құрбандық еттері таратылды.

Алла Тағала  қасиетті құрбан айт мерекесін баршаларымызға мүбарак етіп, шалатын құрбандықтарымызды, атқаратын ізгі амалдарымызды қабыл еткей!