Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде дін қызметкерлеріне арналған бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.
«Өткен жылы діни сауат ашу курстарына қосымша «Намаз оқуды үйрету» және «Құран жаттау курсын» ашуды тапсырған болатынмын. Мұндай курстар өз нәтижесін беріп келеді. Әрине біз мұнымен шектелмеуіміз керек. Біздің назар салуымыз керек мәселенің бірі – мүмкіндігі шектеулі жандарға дін насихатын жүргізу, Алланы таныту. Сондықтан ендігі кезекте мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы курс ашып, асыл дінімізді насихаттай береміз» деді ҚМДБ Төрағасы.