blog Images

Мүмкіндігі шектеулі балалар қуанышқа бөленді

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті, Маңғыстау қажылар қауымдастығы және «Altynzhol Group» ЖШС бірігіп «№3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілеріне арналған шара ұйымдастырылды.

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында жүзеге асқан игі шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, қажылар қауымдастығының жергілікті мүшелері Алтай қажы, Сәрсен қажы ағаларымыз мекеме қызметкерлері мен тәрбиеленушілерін Амал мерекесімен құттықтап, тәтті сыйлықтар салынған арнайы қорапшаларды үлестіріп, мүмкіндігі шектеулі балаларды қуанышқа бөледі.