blog Images

Мүгедек жандарға «Рамазан қоржындары» үлестірілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара аясында облыстық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы құлшылық үйінің тізімінде тұрған 20 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттерін табыстады.

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!