blog Images

«Миғраж» мешіті жас спортшыларды қуанышқа бөледі

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешіті және «Үммет жастары» қайырымдылық қоры кезекті «Рамазан базарлығы» шарасын өткізді.

Игі шара аясында аудан бас имамы Руслан Сағынтайұлы бастаған дін қызметкерлері және еріктілер жас ұрпаққа Рамазан айының мерекелік көңіл-күйін сезіндіріп, рухани тәрбиеге баулу мақсатында «Киокушинкай каратэ до» секциясына қатысып жүрген 60-тан астам балаға тәттілер салынған базарлық қорапшаларын үлестірді.

Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінің бас имамы Руслан Сағынтайұлы және құлшылық үйінің ұжымы осы игі шараға қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс білдіреді. Алла сіздерге разы болсын!