blog Images

Мұнайлы аудандық «Миғраж» мешітінде Құран жарысы өтті

Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деген өсиетін жүзеге асыру мақсатында Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінде Құран жарысы ұйымдастырылды.

Мешіт шәкірттері «Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқып, өзара бақ сынасты. Құран жарысына білікті дін қызметкерлері мен қарилар төрелік етті.

Баға беру барысында үміткерлердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.

Аталмыш жарыста жүлделі орын алған қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ өзге қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары берілді.

Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінің бас имамы Руслан Сағынтайұлы және құлшылық үйінің ұжымы осы игі шараға қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс білдіреді. Алла сіздерге разы болсын!