blog Images

«Миғраж» мешіті: Аудандық Құран жарысы өтті

Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деген өсиетін жүзеге асыру мақсатында Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінде жергілікті құлшылық үйлерінің шәкірттері арасында Құран жарысы ұйымдастырылды.

Жарысқа қатысушылар Құран Кәрімнің 30 парасы және «әл-Фәжр» сүресінен «ан-Нас» сүресіне дейін жатқа оқу аталымдары бойынша бақ сынасты. Құран жарысына білікті дін қызметкерлері мен қарилар төрелік етті.

Баға беру барысында үміткерлердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.

Жарыс нәтижесі төменде:

Құранның 30-шы парасын жатқа оқу бойынша:

І орын – Зорбай Рақым («Миғраж» мешіті);

ІІ орын – Бабахан Бейбарыс («Төлей ишан» мешіті);

ІІІ орын – Бекмаханбетов Абдулхай («Миғраж» мешіті).

«әл-Фәжр» сүресінен «ан-Нас»сүресіне дейін жатқа оқу бойынша:

І орын – Ахмет Бекболат ;

ІІ орын – Сәрсенбай Нұрислам («Миғраж» мешіті) ;

ІІІ орын – Базарбаев Сапарғали («Төлей ишан» мешіті).

Аталмыш жарыста жүлделі орын алған қатысушыларға арнайы қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ өзге қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары берілді.

Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінің бас имамы Руслан Сағынтайұлы және құлшылық үйінің ұжымы осы игі шараға қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс білдіреді. Алла сіздерге разы болсын!