Мешіт жамағаттары арасында облыстық спорттық сайыс өтті
Маңғыстау облысы бойынша «Жастар ісі»секторының ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында облыстық деңгейде сапбордтан (SUP-борд) спорттық сайыс өтті.
Спорттық шараның басты мақсаты – мешіт жамағаттары арасындағы өзара ынтымақтастық пен ауызбіршілікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа баулу.
Сайысқа мешіт жамағаттары қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар сапбордта тепе-теңдікті сақтап, ептілік пен шеберліктерін көрсетті. Тартысты өткен жарыс барысында қатысушылар өздерінің ерік-жігері мен табандылығын танытып, белсенділік танытты.
Шара барысында жамағат спорттық бәсекемен қатар, өзара пікір алмасып, достық қарым-қатынастарын нығайтты. Мұндай игі бастамалар жамағат арасындағы бірлікті арттырып, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – Яков Илхом
ІІ орын – Айтумұханбетов Ерсұлтан
ІІІ орын – Бектасов Бекзат
Жеңімпаздар арнайы марапатталып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға алғыс білдірілді.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерден көрінуіне тілектестік білдіреміз!
Бірлік бар жерде – береке бар!
