blog Images

«Мешіт – мейірімділік мекені» атты келелі кездесу өтті

Бүгін Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Мешіт – мейірімділік мекені» атты кездесу ұйымдастырылды.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының бастамасымен өткен шара барысында, мүмкіндігі шектеулі жандарға сурдо аудармашы (ымдау тілі маманы) Ардақ Орунбасарқызының көмегімен Ислам дінінің құндылықтары түсіндіріліп, сұхбат өрбіді.

Шара соңында келелі кездесудің қатысушылары үшін ақ дастархан жайылып, оларға сый-құрмет көрсетілді.