«Мектепке жол»акциясы:«Қосай ата»мешітінде 40 балаға оқу құралдары берілді
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Теңге ауылдық Қосай ата мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 40 балаға жаңа оқу жылына қажетті мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табысталды.Сондай-ақ,20 ер балаға мектепке қажетті костюм-шалбар жиынтығы берілді.
Игі іске атсалысқан мешіт жамағаты мен демеушілер балалардың қуанышына себепкер болып, олардың білім жолындағы қадамына қолдау көрсетті.
Бұл қайырымдылық шарасы – жас ұрпақтың білімге деген ынтасын арттыруға және олардың жүрегіне қуаныш сыйлауға бағытталған ізгі бастама болды.
