«Мектепке жол» акциясы: «Мұстафа«(с.ғ.с)мешітінде 50 балаға оқу құралдары берілді
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» ұйымдастыруымен Қызылтөбе ауылындағы «Мұстафа» (с.ғ.с)мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында игі шара өтті.
Шара барысында 50 балаға мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табысталды. Сонымен қатар балаларға мектеп формалары да берілді.
Қайырымдылық шарасының мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, балалардың мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілуіне ықпал ету.
Игі бастама балаларға қуаныш сыйлап, қоғамдағы мейірімділік пен өзара жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.
