blog Images

«Мектепке жол»акциясы:«Ар-Рахман»мешіті 50 балаға оқу құралдарын табыстады

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Ар-Рахман» мешітінде игі іс ұйымдастырылып, 50 балаға жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдары табысталды.

Қайырымдылық шарасының мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылына алаңсыз дайындалуына мүмкіндік жасау.

Шара барысында балаларға оқу құралдары салынған қажетті заттар табысталып, бүлдіршіндерге жылы лебіздер айтылды.

Жақсылық жасау – қоғамдағы өзара жанашырлық пен мейірімділікті арттыратын сауапты іс. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.