«Мектепке жол»акциясы:«Әль-Хаким» мешітінде 20 балаға оқу құралдарын табыстады
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтті.
Шара барысында 20 балаға мектепке қажетті сөмке мен оқу құралдары табыс етілді.
Мешіттің имамы Дінмұхаммед Шындәулетұлы оқушыларға оқу жолында сәттілік тілеп, игі іске атсалысқан жомарт жандарға алғысын жеткізді.
