«Мектепке жол» акциясы:Келімберді ахун мешітінде 60 балаға мектеп құралдары табысталды
Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында орналасқан «Келімберді ахун» мешітінде жаңа оқу жылының жақындауына байланысты республикалық дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж және көпбалалы отбасылардан шыққан 60 оқушыға су жаңа мектеп сөмкелері мен оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтар табысталды.
Аталған шараның басты мақсаты — балаларға қуаныш сыйлау, олардың білім алуына қолдау көрсету және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созу.
Мешіт ұжымы мен ұйымдастырушылар бүлдіршіндерге ақ батасын беріп, жаңа оқу жылында үздік оқып, еліміздің білімді де саналы азаматы болуларына тілектестік білдірді. Өз кезегінде ата-аналар мен оқушылар көрсетілген қамқорлық үшін ризашылықтарын жеткізді.
