«Мектепке жол» акциясы :Әль-Хаким мешітінде 40 балаға сөмке таратылды
ҚМДБ төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен «Зекет және қайырымдылық » қорының демеушілігімен Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Қайырымдылық шарасы барысында 40 оқушыға мектепке қажетті сөмкелер таратылып,мешіт имамы Шындаулетұлы Дінмұхаммед оқушыларға алдағы оқу жылын үздік оқуларына дұға жасап, жылы лебізін білдірді.