Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.
«Халықты оятқың келсе, оның тарихын оят» деген сөздің мәні тереңде. Медресе-колледждердің оқу бағдарламасына факультатив дәріс ретінде «Алаштану», «Тұлғатану» пәндерін енгізу туралы шешім қабылдадым. Мақсатымыз – болашақ дін мамандарын ұлтжандылық пен отансүйгіштікке баулу» деді ҚМДБ Төрағасы дін қызметкерлеріне жолдаған бағдарлық баяндамасында.