blog Images

Марат Жарылқап «Ар-Рахман» мешітінде уағыз айтты

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Марат Жарылқап Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде уағыз айтты.

«Аллаға иман келтіру» тақырыбында уағыз-насихат айтқан Марат ұстаз құлшылық үйіне жиналған жамағатқа барлық нәрсені жоқтан бар еткен Жаратушыға сену – балиғатқа жеткен әрбір ақыл есі дұрыс пендеге парыз екендігін тағы бір еске салып, тұщымды ойларымен бөлісті.