blog Images

Маңғыстау ауданының имамы түсіндірме жұмыстарына қатысты

«Заңғар Асу» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында Сайөтес және Жармыш елді мекендерінде «Ислам діні бар жақсылықтың бастауы» атты тақырыпта мақсатты топтардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған шара өткізілді.

Танымдық шара аясында Маңғыстау ауданының бас имамы Құралбай Амалбайұлы жергілікті тұрғындарға исламның адамдардың татулық пен ынтымақта өмір сүруін, қоғамда тыныштықтың болуын қалайтын дін екенін кеңінен түсіндіріп берді.