Маңғыстаулық шәкірттерге қаржылай қолдау көрсетілді
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Нұр-Мүбарак университетінде оқып жатқан маңғыстаулық студенттермен кездесті.
Өңіріміздегі қолы ашық кәсіпкерлердің қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында Әнуар қажы Ізімбайұлы аталған оқу орнының шәкірттеріне қаржылай көмек көрсетті.
«ҚМДБ Маңғыстау аймағы өкілдігі дін жолында тәлім алып жатқан шәкірттерге рухани һәм әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетуге әрқашан дайын. Сіздерді оқу бітіргесін елге оралып, қоғам игілігі үшін қызмет етуге шақырамын» деді облыс бас имамы.
Қазіргі уақытта Нұр-Мүбарак университетінде маңғыстаулық 70-тен аса студент біліп алып жатыр.
Айта кетейік, өткен жылы дәл осы шара аясында маңғыстаулық 80 студентке бір реттік көмек көрсетілген болатын.