blog Images

«Қари-ұлы аманат иесі»:Маңғыстаулық қарилармен рухани жүздесу өтті

ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Ахмет Серік Полатханұлы Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде Маңғыстаулық қарилармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында облыстың бас имамы  Әнуар Ізімбайұлы  сөз сөйлеп, қариларға ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, олардың ел руханиятына қосып жүрген үлесін жоғары бағалап, білім жолындағы еңбектеріне береке тіледі.

Құран секторының  меңгерушісі Ахмет қари Полатханұлы жуырда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти бастамасымен алғаш рет “Қарилар алқасы” құрылғанын тілге тиек етті. Жуырда қарилар алқа отырысы өтетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ,қари болу – үлкен жауапкершілік әрі көп адамға бұйыра бермейтін нығмет екендігін түсіндіріп өтті.

Жиынға 20-ға жуық қари қатысты. Айта кетейік, қазіргі таңда Маңғыстау облысында 80-ге жуық қари бар. Дін жолында қызмет етіп жүрген қариларға Алла разы болсын деп тілейміз!