Маңғыстаудан «Қайырымдылық керуені» жолға шықты
Су тасқынынан зардап шеккен бауырларымыздың басына түскен ауыртпашылық — барша халқымызға ортақ мәселе. Қиналған бауырларымызға қол ұшын созып, көмек көрсету баршамызға міндет.Бүгін Маңғыстау халқының көмегін тиеген 15-ке жуық қайырымдылық жүгі артылған автокеруен Ақтөбе,Орал,Атырау өңіріндегі су тасқынынан зардап шеккен жандарға жиналған азық-түлік, жаңа киім-кешек,көрпе-төсек заттарды алып «Қайырымдылық керуені» жол тартты.
Қайырымдылық керуеніне Маңғыстау халқының қолдауы мен кәсіпкер азаматтар қол ұшын созып,үлес қосты.
Бір қиындықтың артында бір жеңілдік бар деген. Алла Тағала елімізді, жерімізді түрлі тосыннан келетін табиғи апаттардан сақтағай. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Алла Тағала бұл қиындықтың артын жақсылыққа ұластырғай. Әмин!