blog Images

Маңғыстауда «Ақсақалдар мектебі» құрылды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жанынан құрылған «Ақсақалдар мектебінің» алғашқы кеңесі болып өтті.

Кеңеске Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, Қажылар қауымдастығының Маңғыстау филиалының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы катысты Аманжол Жөкенұлы, облысымыздың құрметті азаматы Қилымғали Тұрсынғалиұлы, облыстық зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар қатысты.

Жиында қазақ тарихындағы қария­лар­дың рөлі жөнінде тұшымды ойлар айтылып, тәрбиенің тірегіне баланған аталар мектебіне қатысты ұшқыр пікірлер ортаға салынды.

Сондай-ақ, бұл жобаның өміршең болуы үшін жоспар құру, жұмыс бағыттарын анықтау сияқты мәселелер көтерілді.