Маңғыстау TV телеарнасында «Ынтымақ пен бірліктің маңыздылығы»атты арнайы сұқбат жүргізілді
Қасиетті Рамазан айында Маңғыстау TV телеарнасының «Ай сұлтаны – Рамазан» бағдарламасында арнайы сұхбат ұйымдастырылды.
Бағдарлама қонағы ретінде Басқұдық ауылдық Төлей ишан мешітінің бас имамы Қалдыбай Наурызбай қатысып, «Ынтымақ пен бірліктің маңыздылығы» тақырыбында тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті.
Сұхбат барысында имам қасиетті Рамазан айының қоғамдағы татулық пен бауырмалдықты нығайтудағы рөліне тоқталып, ауызбіршілік бар жерде береке болатынын атап өтті. Сондай-ақ, ел ішіндегі ынтымақты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені айтылды.