blog Images

Маңғыстау TV телеарнасында «Өзгені қуанту -сауапты іс»тақырыбында арнайы сұқбат түсірілді

Қасиетті Рамазан айында Маңғыстау TV телеарнасының «Ай сұлтаны – Рамазан» бағдарламасында тағы бір тағылымды сұхбат ұйымдастырылды.

Бағдарлама қонағы ретінде Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінің имамы Байбозов Дінмұхаммед қатысып, «Өзгені қуанту – сауапты іс» тақырыбында ой бөлісті.

Сұхбат барысында өзгеге қуаныш сыйлаудың, жақсы сөз бен ізгі амалдың мұсылман өміріндегі орны кеңінен баяндалды. Сондай-ақ, Рамазан айында мейірімділік пен жанашырлық танытудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.