Маңғыстау TV телеарнасында арнайы хабар түсірілді
Қасиетті Рамазан айында Маңғыстау TV телеарнасының «Ай сұлтаны – Рамазан» бағдарламасында кезекті рухани сұхбат өтті.
Бағдарлама қонағы ретінде Ақшұқыр ауылдық мешітінің имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы қатысып, «Сөйлеу мәдениеті және исламдағы тіл әдебі» тақырыбында мазмұнды әңгіме өрбітті.
Сұхбат барысында ислам дініндегі көркем сөздің маңызы, тіл әдебі және адамдармен әдепті қарым-қатынас жасаудың мәні кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, Ғабит Әбдіғаппарұлы көркем мінез бен дұрыс сөйлеу мәдениеті мұсылманның басты қасиеттерінің бірі екенін атап өтіп, барша жұртты әдептілік пен ізгілікке шақырды.
