blog Images

Маңғыстау мешіттері «Өткенге құрмет – тіріге міндет» сенбілігіне қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылғы айтулы шаралар жоспарына сай, «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында «QАМQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен 29 сәуір күні еліміздің барлық аумағындағы зират басына тазалық жұмыстары жүргізілді. Осы ізгі істен Маңғыстау облысына қарасты мешіттер де қалыс қалмай, өз үлестерін қосты.

ҚМДБ-ға қарасты «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының өңіріміздегі филиалының ұйытқы болуымен Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлын бастаған дін қызметкерлері өңірімізге қарасты зираттарда сенбілік өткізіп, олардың аумағын тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстан тазартты.